Шығыс Қазақстан облысындағы әкімдік қызметкерлеріне конституциялық заңды бұзғаны үшін айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауданы әкімдігінің қызметкерлері "Прокуратура туралы" конституциялық заң талаптарын орындамаған. Олар департаменттің талаптарын орындамай, айыппұлдар алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық әкімдігінің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары "Прокуратура туралы Конституциялық Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Самар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша азаматтардың заңды құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін жүзеге асыру үшін қажетті бірқатар НҚА жоқ екенін анықтады.

Осы факті бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді. Алайда, 3 салалық бөлімнің жауапты басшылары ұсынымда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамаған, бұл үшін олар ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әрқайсысы 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік ықпал ету шараларын жедел қабылдағаннан кейін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілді, тағы 7 НҚА дәйектеліп, келісімдеу үшін жіберілді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды