Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының ең маңызды міндетін атады

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді, деп жазады Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы елімізде "Заң және Тәртіп" қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

"Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс", – деді Президент.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді