Президент есірткінің таралуына батыл түрде тосқауыл қоюды талап етті.
"Мен бірнеше рет осы мәселеге қатысты тапсырма бердім. Алайда ауыз толтырып айтатын нәтиже жоқ. Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады. Оларға нашақорлықтың қаншалықты қатерлі екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Полиция есірткі өндіру, оны сату және таратуға қарсы белсенді күрес жүргізуі керек." Президент
Ол полицияның есірткіні өндіру, сату және таратумен белсенді күресу керектігін атап өтті
"Науқаншылдық, көзбояушылық және статистика үшін жұмыс істеу дегенді тоқтату қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.