Тоқаев Халықаралық Аралады құтқару қоры атқарушы комитетінің төрағасын қабылдады

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Президентке Қордың қызметі мен оның алдағы жылдары, яғни Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде атқаратын міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет екенін атап өтті.

Соның ішінде Орталық Азиядағы су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есептейтін, мониторинг жүргізетін, басқаратын және өзара бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйені енгізу үшін ынтымақтастықтың өңірлік тетіктерін құру мәселелеріне баса назар аудару керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады