Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда көлік өртенді

Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер тас жолда өртенген көлікті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Өскемен-Алтай тас жолының 43-шақырымында жүргізушісі жол жиегіне тоқтамақ болған Мitsubishi көлігі полиция инспекторларының назарын аударған.

Жақындаған тәртіп сақшылары көлік капотының астынан қою түтін шығып жатқанын байқады. Полицейлер өрт сөндіргішті алып, оны сөндіруге кірісті. Қасынан өтіп бара жатқан жүргізуші де қосылып, көлікке қар лақтыруға көмектескен.

Жалын өрт сөндірушілер келгенше ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарындағы қысқа тұйықталуы себеп болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді