Маңғыстауда қараусыз жүрген төрт түйе айып тұрағына жеткізілді

Верблюд, верблюды, верблюдоводство, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 10:45 Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
Маңғыстау облысының Қызылсай ауылында рейд барысында төрт түйе арнайы айып тұрағына қамалды. Қазір олардың иелері анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, 2026 жылғы 12 қарашада ауылда қараусыз жайылып жүрген үй жануарларын анықтау мақсатында кезекті рейд өткізілген. Тексеру барысында бірнеше малдың қоғамдық орындарда жүргені анықталды.

"Жануарлар уақытша ұстауға арналған арнайы қораға қамалды. Қазір малдың иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген ауыл әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, малдың иесі анықталғаннан кейін оған қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: