Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстанға ресми сапармен барды

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Душанбе халықаралық әуежайында Қазақстан СІМ басшысын Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фаррух Шарифзода және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес Мұрат Нұртілеу Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер және жетекші тәжік кәсіпорындары мен компанияларының өкілдерімен кездесу өткізеді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе алаңындағы Исмоили Сомони ескерткішіне және Абдулкосим Фирдоуси атындағы саябақтағы Тәжікстандағы қазақстандық бітімгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.

Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон қабылдайды.

Қазақстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін