Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
Синоптиктер 28 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың батысында тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте түнде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші  секундына 15-20 метрге жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін