Астана тұрғыны дүкен сөресіне ескі етігін қалдырып, жаңасын киіп кеткен

Сурет: polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері дүкеннен аяқ киім ұрлау фактісіне қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы Астана тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам сауда ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне барған. Дүкен сөресіндегі аяқ киімдерді қарап жүріп, өзіне ұнаған 38 000 теңгеге жуық тұратын етікті киіп, сауда залынан шығып кеткен. Бейнекамера жазбасында ер адамның ескі аяқ киімін қорапқа салып, жасырын сөреге қойып кеткені көрінеді.

Аталған фактіге қатысты ("Ұрлық") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ол кінәсін мойындады. Оның Астана аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды