Шымкентте қызылша жұқтыру 1,3 есеге азайды

Сурет: pixabay
Шымкентте қызылшаның таралуы 1,3 есе төмендеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақталды.

Оған тұрғындарды жаппай иммундау мүмкіндік берді. Шаһарда екпе алуы тиіс болған 118 мың адамның 98 пайызына вакцина салынған.

Медициналық ұйымдарда екпе салу бекеттері әлі де тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы жыл басынан бері қалада 526 адамның қызылша жұтырғаны анықталған.

Ал соңғы тәулікте небәрі 17 адам осы сырқатпен дәрігерге барған.

"Қызылшамен ауырған адамдарды талдай кететін болсақ әлі де 1 жасқа дейінгі балалар жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр. 2 мен 5 жасқа дейінгі сонымен қатар көрсеткіші жоғары тұрған 30 жастан жоғары адамдар." Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі