Алматылық автокөлік иелері арнайы ХҚКО-на бармай-ақ, онлайн рәсімдеген құжаттарын ала алады

2024 жылдың басынан бері алматылық көлік иелері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) бармай-ақ, рәсімделген құжаттарды онлайн түрде алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Алматы қаласы Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО ғимаратының 2-ші қабатында онлайн форматта рәсімделген дайын құжаттарды беру секторы жұмыс істейді. Мұнда "көлік құралдарын тіркеу" және "жүргізуші куәліктері" бойынша дайын құжаттарды алуға болады.

"Қала тұрғындары онлайн рәсімдеген құжаттарын алысқа бармай, қала орталығынан алу үшін арнайы сектор аштық. Мұнда көлік құралдарына қатысты онлайн рәсімделген құжаттардың дайын нұсқасын алады. Осылайша, көлік иелері уақытын үнемдейді. Қала тұрғындары оның қолайлылығын сезініп те жатыр. Бір ай ішінде мұнда 2 мыңға жуық (1787 құжат. Оның 771-і көлік құралын мемлекеттік тіркеу бойынша, 1016-сы жүргізуші куәліктері) автокөлік иелері өз құжаттарын алды", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Айнаш Аубакирова.

Дайын құжаттарды беру секторы дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Алматы филиалының автокөлік иелеріне жасаған жағдайлары тек бұл ғана емес. "AllurAuto", "Хюндай", "Mycar" "Aster auto" "Chanqan" сияқты 9 автосалонда АвтоХҚО мамандары көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттарды қабылдап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 4 Мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді.

Олар:

Алматы МХҚО-лары жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. (Сенбі күні кезекші - №1 МХҚО сағат 9-дан 13.00-ге дейін жұмыс істейді).

Өткен жылы Алматы қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы 1,3 (1 280 252) миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: