Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодардағы қалалық фирмалардың бірінде полиция қызметкерлері елде заңсыз жұмыс істеп жүрген Тәжікстан Республикасының азаматтарын анықтады.

Полицияның берген мәліметіне сай, шетелдіктер ел аумағына келгеннен кейін қонақ ретінде виза алған.

"Бұл азаматтар жұмысшы ретінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырды. Жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмағандықтан шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Соттың қаулысымен бір шетелдік 5 тәулік мерзімге қамауға алынып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын болды, тағы 5 шетелдікке 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деді Павлодар қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді жұмысқа тартқаны үшін фирма иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Павлодарлыққа 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 80 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады