Самара – Шымкент автожолында 3 мыңнан астам ауыр жүк көлігі өте алмай тұр

Сурет: видео скрині
7-11 ақпанда Ақтөбе облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты Қызылорда облысы республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолында Түркістан облысының шекарасынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі барлық учаскеде ауыр жүк және қоғамдық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізді.

Дәл қазір 3026-ға жуық ауыр жүк және 17 жолаушылар көлігі жолдың ашылуын күтіп тұр.

"ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі жолда қалған көлік жүргізушілернің барлығына дерлік ыстық тамақ және сусын беріліп жатқанын хабарлады.


"Жеңіл көліктерге шектеу жоқ, кешке дейін жүк көліктері үшін қойылған шектеу де алынады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта жолшылар 5-тәулік бойы күшейтілген режимде күндіз-түні жұмыс істеп жатыр". "ҚазАвтоЖол"

Облыс әкімдігі және полиция департаменті, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалдарының қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал облыс тұрғындары үшін көлік қозғалысына шектеу жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды