Алматыда "Алатау" дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

2026 жылы 15-20 қараша аралығында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық мерейтойына арналған ALMATY THEATRE FESTIVAL республикалық театр фестивалі өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 13:06 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылы 15-20 қараша аралығында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық мерейтойына арналған ALMATY THEATRE FESTIVAL республикалық театр фестивалі өтеді.

Фестивальдің салтанатты ашылуы 15 қарашада өтеді.

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген театр ұжымдары қатысып, көрермен назарына түрлі жанрдағы таңдаулы спектакльдерін ұсынады. Қатысушылар қатарында Жезқазған, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды қалалары мен Батыс Қазақстан облысының театрлары, сондай-ақ Алматының шығармашылық ұжымдары бар.

Фестиваль бағдарламасына "Мәмлүк", "Войцек", "Сәйгүлік", "She Is Aiel", "Жабайы алма", "Найзағай", "Қорғансыз", "Томирис", "Ортеке", "Ромео мен Джульетта" және "Гүлге ұмтылған екеу" спектакльдері енді.

Сонымен қатар фестиваль аясында "Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция қатысушылары ұлттық театр өнерін дамыту бағыттарын, сондай-ақ қазіргі театр үдерісінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: