35 градус аяз: ШҚО әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Сурет: pxhere
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Облыс аумағына қалың қар түсіп, борандатып жатыр. Соңғы күндері жауын-шашынның екі айлық нормасы жауды. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы бір метрден асты. Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 6 және облыстық 8 бағыттағы жол жабылды. Оларды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жалпы саны 400-ге жуық арнайы техника тартылды". Ермек Көшербаев

Төтенше жағдай қызметінің жедел желісі іске қосылды. Волонтерлер жеке секторларда қарды тазартуға көмек көрсетіп жатыр. Өңір әкімі осындай қиын уақытта күндіз-түні тынбай жұмыс істеп тұрған мекемелер мен қол ұшын беріп отырған жанашыр азаматтарға алғыс білдірді.

"Облыста қар көшкіні қаупі бар 487 аймақ тіркелген. Олар - Қазселденқорғау орталығы мамандарының бақылауында. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге тиісті тапсырмалар берілді. Бүгін түнде ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендеп, қардың арты аязға ұласпақ. Мен, облыстың барлық тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын! Алыс жолға аса қажет болмаса, шықпауды сұраймын! Облыстағы жағдай менің жеке бақылауымда".Ермек Көшербаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі