Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты: 30 адам эвакуацияланды

Сурет: видео скрині
15 ақпан күні сағат 18:21-де Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекенжайында өрт шықты. 8 минуттан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қатты түтін шығып жатқанын анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер автокөлік сатысының көмегімен әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрт сағат 18:57-де оқшауланды.

Оқиға орнында Астана төтенше жағдайлар департаментінінің жеке құрамынан 22 адам және 7 техникасы жұмылдырылды.

"Пәтердің асхана бөлмесінде 15 шаршы метр аумақ, жиһаз (диван), үй заттары және керілген төбе жанған. Өрт сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер 30 адамды, оның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге көшіріп, 3 адамды, оның ішінде 1 балағы құтқарды. Оқиға орнында құтқарылған үш адамды жедел жәрдем бригадасы тексеріп жатыр".Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін