ҰҚК Атырау облысында 17 жастағы діни радикалды ұстады

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жасар тұрғыны ұсталды.

ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде." ҰҚК баспасөз қызметі

Айта кететіні, 2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды.

Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды