Ұлытау облысындағы балалардың құлдығы: Білім министрлігі нақты мәліметтерді жариялады

Орталық коммуникациялар комитетінде Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова Ұлытау өңірінде құлдыққа түскен балалардың жайсыз оқиғасына қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Насимжан Оспанова "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске сәйкес бес жыл бойы қорғаншылық органдары бұл отбасын жарты жылда бір рет бақылап отырғанын хабарлады.

"Қорғаншылық және қамқоршылық органдарына 2023 жылдың қыркүйегінен бастап әр бала апта сайын сабақтан қалғаны, яғни қыркүйекте бір бала сабақтан, екінші бала бір апта бойы колледжден қалып қойғаны туралы сигналдар ала бастады. Бұл жайт төрт айға жалғасқан", - деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, емхана бұл балалардың ауруға шалдығуын растайтын анықтамалар берген.

"Қаңтар айында біз қорғаншылық және қамқоршылық органдарына барлық отбасыларды аралауды тапсырдық және осы іс-шаралар аясында бұл балаларды қорғаншылық қызметкерлерінің өздері анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, қорғаншылық органдарына қатысты, емхана қызметкерлеріне, мектеп пен колледж қызметкерлеріне қатысты үдерістер зерттелетін болады. Әрине, бала асырап алған ата-аналар жауапкершіліктен құтылмайды. Қылмыстық іс аясында емхана анықтамаларының жалғандығы анықталуда", - деп түйіндеді баяндамашы.

21 ақпанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытау облысында асырап алған ана балаларын шаруа қожалығында жұмыс істеуге мәжбүрлегенін хабарлады. Оның айтуынша, әйел екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: