Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті қолға түсті. 27 жастағы С.есімді азамат қаланың кемінде төрт тұрғынын алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемдері 10-15 мың теңге аралығында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тергеу барысында қаскөйдің такси шақырғаны белгілі болды. Жолда жүргізушімен сөйлесіп, оның сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға бере тұруын өтініп, "жұмысқа" қайта барған соң қайтарып беруге уәде еткен. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан белгісіз біреуге көмектесті. Қазіргі уақытта бізге 4 адам арызбен жүгінді. Күдікті ұсталды", - деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болған. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды