Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды. Жоғары шенді полицейге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр Павлодар полициясының Солтүстік бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы аяғы ауыр қызметкерін ұрғаны үшін айыпталған еді. Сондай-ақ, бұл жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызмет саласының бақылауында болған.  

"2024 жылдың 25 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес Орталық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары теріс себептермен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарынан босатылды", - деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Еске салайық, былтыр 13 қазанында Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу басталған болатын.  Оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін