Қазақстанда алкоголь өндірісіндегі бақылау-өлшеу құралдарының деректер операторы өзгерді

Сурет: pexels
Қаржы министрі 2024 жылғы 20 ақпандағы "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруде осы бақылау-есептеу құралдарының операторын анықтау туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақпараттық-есептік орталық" акционерлік қоғамы этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруде осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болып белгіленсін", - делінген құжатта.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру саласындағы осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторын айқындау туралы" бұйрығының күші жойылды деп танылады.

Оған сәйкес, оператордың функцияларын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ атқарады.

Бұйрық 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.

2011 жылдың 15 шілдесінен бастап мемлекеттің жарғылық капиталына 100% қатысатын "Ақпараттық-есептік орталық" АҚ мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы Бірыңғай оператор болып белгіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты