Жамбылда 5 млрд теңгенің темекі өнімі тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Жамбылда жалпы құны 5 млрд теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленген. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері бұл рекордтық көрсеткіш деп отыр.

Саудагерлер акцизделетін өнімдерді көлеңкелі жолмен қырғыз елінен тасымалдаған.

Кәсіпкерлер қыруар қаржының 4,7 млрд теңгесіне темекі сатып алса, 350 млн теңгесін вейптерге жұмсаған. Осылайша 6,5 млн қорап темекі мен 174 мың дана электронды өнім айналымнан алынған.

Сондай-ақ, құны 20 млн теңге болатын 8 мың литр спирттің жолы кесілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Аймақта астыртын жолмен әкелінген алкоголь өнімдерін тұтыну салдарынан соңғы үш жылда 150-ден астам адам уланған.

"Тәркіленген тауарлардың 70%-дан астамы темір жол арқылы тасымалданған. Екінші орында транзиттік жүк көліктері тұр. Олар Қордай, Меркі және Жамбыл ауданындағы шекаралық өткізу бекеттері арқылы алып өтеді. Әсіресе заңсыз тауар тасымалы "Қарасу", "Сыпатай батыр" және "Айша бибі" кеден бекеттерінде жиі анықталады." Жағыпар Исатаев, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті