Қыстың соңғы күнінде 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 ақпанда елдің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. 

Ақмола облысының батысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Абай облысында солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін