Абай облысында банк қызметкері алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Аягөз қаласында 24 жастағы банк қызметкері банк және тұрмыстық техника дүкендерінің клиенттеріне тауарлық және ақшалай несие берген.

Ол несие алуға онлайн өтінім беріп, қажетті соманы алып, ақшаны банктегі өзінің шотына аударып отырған, бірақ клиентке несие беруден бас тартқанын хабарлайды. Қала тұрғыны 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауарлық несие алған, осылайша бойжеткен Аягөз қаласының 29 жастағы тұрғынын алдап, оларға жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам моралдық шығын келтірген.

Сот оны кінәлі деп тауып, Қазақстан Республикасының 190-бабымен 3 жыл 6 ай мерзміге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды.

Сотталған қазірге уақытта Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұр.

"Сотталғанмен үнемі психологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілуде, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орны бар. Алған жалақысынан үкімде көрсетілген қарыздарын қайтару үсінде". Аягөз аудандық пробация қызметкерінің бастығы Ермек Қалиев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды