Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 200 жүргізушіге айыппұл салынды

Сурет: ҚР ІІМ
Елімізде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері көбейген. Тіпті, бір айда 2 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды.

Бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 45% көп. Өрт қауіпсіздігі талаптарын әсіресе көлек жүргізушілері сақтамайды. Қаңтарда 200 жүргізушіге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, қалдықтарды өртеу кезіндегі талаптар ескеріле бермейді. Әрі өртке қарсы жүйелерді бүлдіру, оларды пайдалану ережелері сақталмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтардан бөлек, қаңтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға байланысты 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі