Жамбыл облысында 15 жылдан бері ауылдың жолы жөнделмеген

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауылішілік жолдардың жағдайы күрделі мәселеге айналды. "Amanat" партиясының мүшелері Қызыл жұлдыз ауылында республикалық қоғамдық қабылдау өткізіп, жолға қатысты тұрғындар талабын тыңдады.

Аудан бойынша 43 елдімекеннің оннан астамының көшелері жөнделмеген. Оның ішінде 6 мыңнан астам тұрғыны бар Қызыл жұлдыз ауылы да бар. Үш негізгі көшенің жөндеусіз жатқанына 15 жылдан асқан. 4,5 шақырым жол үшін 170 млн теңгеге жуық қаржы қажет, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда соңғы екі жылда бюджеттік өтінімі қолдау таппай келеді. Жауаптылар биыл 7 ауылдың көшесін жөндеуге 828 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Бұдан бөлек қабылдауға қайырылғандар ауылға спорт сарайы мен жаңа амбулатория салуды сұрады.

"Міне 1-2 жылдың ішінде жолдардың бәрі жөнделеді деген жауап беріп отыр. Өте ризамыз, рахметімізді айтамыз. Қоғамдық осындай жиындар көп болса екен, басқа ауылдарға да, біздің ауылға да келіп тұрса халықтың жанайқайы азаяр еді." Шәрия Әбдіраманова, ауыл тұрғыны
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме