Павлодарда полиция есірткі қылмысымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен айналысқан 33 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйелді ұстады. Алдын ала анықталғандай, ұсталғанға дейін зиянкестер тыйым салынған заттарды құпия орынға тығып үлгерген.
"Оқиға болған жерді қарап тексеру кезінде полицейлер есірткі заты бар орамдарды және зерттеуге бағытталған, сондай-ақ электронды таразылар мен бекіткіші бар пакеттерді қоса алғанда, буып-түюге арналған құрылғыларды алып қойды. Полицейлер заңсыз айналымнан ұсталғандардан барлығы 33 грамнан астам синтетикалық есірткі затын тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады", – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын, сондай-ақ тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Күдіктілердің айтуынша, олар интернет-ресурстар арқылы есірткі сатып алған.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер Павлодар қаласының УҚИ-на қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды