Алматыда 25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Ол танымал сайтқа пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған. Шаршы метрлерді нарық бағасынан төмен бағаға "жалдауға" ынталылар жеткілікті болды.

Қазіргі уақытта полицияға жәбірленушілерден 25 арыз келіп түсті. Өздеріне ұнаған пәтерді алу үшін екінші деңгейлі банк карталары арқылы алдын ала ақша аударған.

"Ақшаны алғаннан кейін "кәсіпкер" адам байланысқа шығуын тоқтатты. Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталып, қамауға алынды. Жоғарыда аталған қылмыстық эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық ПБ-да қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды