"ҚазАвтоЖол" АҚ еліміздің екі өңірінде көктайғақ болатынын ескертеді

Сурет: pxhere
"ҚазАвтоЖол" АҚ еліміздің бірнеше өңіріне қатысты ескерту жариялады. ШҚО мен Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан жолдарда айналаның көріну деңгейі күрт төмендеу қаупі бар.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанады.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", делінген ведомство хабарламасында.

Қызылорда
Ақтөбе
Ақтау
Қостанай
Өскемен
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды