Қарағанды облысында 739 заңсыз қоқыс алаңы анықталды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысында өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 739 заңсыз қоқыс үйінділері анықталған. Соның 680-і жойылды.

Экологиялық заң талаптарын бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жазаға тартылды.

Рұқсатсыз полигондарға көбіне құрылыс қалдықтары төгілген. Мамандар профилактикалық шараларды жиі өткізгенімен, жылда осындай заңсыз қоқыс үйінділері көптеп табылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Оны төккен азаматтарды табу қиынға соғады. "Сөйтіп, қоқысты арнайы полигонға тасу жұмыстарын жергілікті билік атқарады", - дейді мамандар.

"Елдімекендер аумағында жыл сайын рұқсат етілмеген қоқыс пайда болу проблемасы бар. Ол жер ресурстарына теріс әсер етеді. Ғарыштық мониторинг арқылы облыс аумағында 739 заңсыз қоқыс аумағы анықталған. Соның 680-і тазартылған. Яғни 92 пайыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып экология департаменті облыс тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға және қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге шақырады." Дархан Исжанов, облыстық экология департаментінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме