Астана полицейлері адасқан балаларды ата-анасына табыстады

Сурет: Zakon.kz
"102" пультіне жергілікті тұрғыннан көшеде адасып кеткен баланы тауып алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 жастағы баламен тілдесіп, оның мектептен қайтып келе жатып автобус бағытын шатастырып, қаланың бейтаныс аймағына кетіп қалғанын білген.

Содан қызметкерлер сұрастыра келе бірден мұғалімдерге хабарласып, ата-анасының байланыс телефондарын біліп, содан кейін баланы тұрғылықты жеріне жеткізген.

Екінші 9 жастағы адасқан қызды Экспо аумағынан өтіп бара жатқан тұрғындар кездестіріп, полиция бөліміне жеткізген. Сол маңдағы туристік полицияның қызметкерлері дереу баланың ата-анасын іздеуді ұйымдастырып, оның анасын тауып, баланы заңды өкіліне тапсырған.

Балаларының амандығын көрген аналар полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен балаларын табуға жедел көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады