"Ауыл" партиясының экс-төрағасы Ғани Қалиев дүниеден озды

Сурет: Facebook/Гани Калиев
"Ауыл" партиясының экс-төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғани Қалиев 1938 жылы Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-1993 жылдары Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің депутаты болды;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті.

1999-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 

Ұзақ жылдар "Ауыл" партиясының төрағасы болып қызмет атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек