Шымкентте алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер сотталды

Сурет: freepik
Шымкентте сот үкімімен кәмелетке толмаған ұлы мен қызын асырау үшін алимент төлемеген тұрғын 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, оның алимент берешегі 5,4 миллион теңгеден асып, балалары іс жүзінде күнкөріссіз қалған.

Прокуратураның актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен ("Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару") қылмыстық іс қозғап, сотқа жіберді.

Сонымен қатар өткен кезеңде прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 47 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 борышкерге қатысты үкімдер шығарылды, жазалар тағайындалды, 52 млн теңгеге алимент берешегі өндірілді.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауптылық қарастырылғанын ескертті.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды