Жетісу полицейлері 14 шетелдікті ҚР аумағынан шығарды

Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысының полицейлері профилактикалық іс-шараның нәтижесінде 4 күн ішінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, көрші елдердің 14 азаматын ел аумағынан шығарды.
"Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарына, қонақүйлерге, жатақханалар мен азаматтардың көп жиналатын орындарында заңсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтау бойынша тексеру жүргізді", – деп атап өтті ПД КҚҚБ бастығы Ерлан Раймбеков.

Небәрі 4 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 318 дерегі анықталса, оның 205-і шетелдіктер. Қалған 113 заң бұзушылықты ҚР азаматтары жасаған. Сот қаулысымен 14 шетел азаматы өрескел заңбұзушылық жасағаны үшін елден шығарылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында, іздеуде жүрген екі азамат ұсталып, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 19 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

"Тәжірибе көрсеткендей шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында біздің еліміздің аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген. Сондықтан көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салғым келеді", – деп толықтырды Е. Раймбеков.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды