121 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды

Сурет: ҚР ІІМ
Республика аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бес күнде Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды.

Сонымен қатар қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.

Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды.

Барлық депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды. Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы кетуін ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын қалайтын азаматтардың арқасында полицейлер бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, Алматыда жеке жатақхана иесі жатақханада тұратын күдікті адамдар туралы көші-қон қызметіне арызданған. Тексеру барысында 30 шетелдіктің келу мерзімін бұзғаны анықталды. Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды