Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше 31775 әскери бөліміне қарайтын шабуылдау батальонының елді мекендегі шартты қарсыласты жою жөніндегі іс-қимылы Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бақылады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында шартты қарсыластың бары белгілі болды. Әскери қызметшілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың көмегімен жергілікті жерге барлау жүргізді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Содырлардың құтылып кетуіне жол бермеу және қосымша күштердің келу мүмкіндігін болдырмау үшін батальон командирі нысананы айнала қоршау туралы шешім қабылдады. Қарсыласты адастыру мақсатында маневр қолданылды, екінші бағытқа да шабуылдау әрекеттері жүргізілді", – деді "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Аслан Кітапбаев.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Одан өзге жауынгерлік барлау күзеті мен инженерлік-саперлік бөлімше атыс нүктелерін анықтап, қарсыластың резервін жойды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты