Елімізде мыңдаған тонна пияз шіріп кетуі мүмкін

Сурет: primeminister.kz
Елімізде мыңдаған тонна пияз шіріп кетуі мүмкін. Өйткені былтырлары қат өнім болған пиязға биыл сұраныс күрт азайған.

Сондықтан шаруалардың 160 мың тоннаға жуық өнімі қоймаларда сатылмай тұр. Оның 138 мыңы Жамбыл облысының шаруалырына, қалғаны Алматы мен түркістандық кәсіпкерлерге тиесілі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл ел бойынша бір миллион тоннадан астам пияз өндірілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал ішкі нарыққа 300 мың тонна жеткілікті. Сондықтан өндірілген өнімнің үлесі сұраныстан үш есе көп. Десе де, ведомства өкілдері шаруалар шығынға батпас үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлады. Қазір пиязды тұрақтандыру қорларына сату мәселесі пысықталып, жаңа ішкі және сыртқы нарықтар іздестіріліп жатыр.

Сыртқы істер министрлігімен пиязды Пәкістанға өткізу мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жаңа өткізу нарықтарын іздестіруде. Ведомство ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесіп, елдегі фермерлерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды