Үкімет қызметтік іссапар шығындарын оңтайландыруды жоспарлап отыр

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 14:03 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы министрлігі бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге баруға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулердің мақсаты – бюджеттік бағдарламаларды тексеру қорытындысы бойынша іссапарларға бөлінетін бюджет шығындарын оңтайландыру.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзгерістерді қабылдау қызметтік іссапарларға, соның ішінде шетелге сапарларға жұмсалатын мемлекеттік қаражат шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Алайда нақты қандай өзгерістер енгізілетіні айтылмаған.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 5 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қолданыстағы қағидалар ҚР Еңбек кодексінің 127-бабының 6-тармағына сәйкес бюджет есебінен іссапар шығындарын өтеу тәртібін реттейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: