Ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне ауыр еңбек жағдайы үшін берілетін үстемақыны екі есе арттыру жоспарланып отыр

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, урожай, сбор зерна, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 09:51 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың мақсаты – қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 100%-на дейін үстемақы белгілеу.

"Жобада мекемені дамытуға бағытталған жұмыс, озық әдістерді тәжірибеде қолдану, жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізу, аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындау, сондай-ақ еңбектің күрделілігі мен қауырттылығы үшін берілетін үстемақы мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 50%-нан лауазымдық жалақының 100%-на дейін арттыру көзделген", – делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаның қабылдануы мемлекеттік сорт сынау жүйесі қызметкерлерінің ынтасы мен жұмысқа қызығушылығын арттыруға, кадрлық әлеуетті сақтап, жаңа білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ сорт сынау жүйесінің инновациялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 17 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: