Мұрағат ісі мен ветеринария мамандарына еңбек жағдайы үшін үстемақы белгіленді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:39 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Үкімет 2026 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілері, қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерге сәйкес, мұрағат ісі мен ветеринария салалары қолданыстағы еңбекке ақы төлеу кепілдіктері қолданылатын салалар тізбесіне енгізілді.

Енді 30 маусымнан бастап мұрағат ісі және ветеринария мамандары заңнамада көзделген еңбек жағдайы үшін үстемақылар мен қосымша төлемдерді ала алады.

Бұдан бөлек, ауылдық жерде жұмыс істейтін аталған сала қызметкерлеріне жергілікті мәслихаттардың шешімімен лауазымдық айлықақылары кемінде 25 пайызға ұлғайтылып белгіленеді.

Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік архив қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 1,75 мөлшеріндегі арттыру коэффициенті қолданылатын болады.

Қаулы 2026 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енді. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін нормалар осы күннен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: