Қазақстанда ауылдық үстемақылар тағы бір жылға ұзартылмақ

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 10:32 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы салаларындағы мамандарға лауазымдық жалақысының 25 пайызы көлемінде уақытша белгіленген ауылдық үстемақыларды төлеу мерзімін тағы бір жылға ұзарту көзделген.

Сонымен қатар өзгерістер бұрын ауылдық елді мекен санатына жатқызылып, кейін қала мәртебесіне ие болған Алатау қаласының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына да қатысты болмақ.

Аталған құжат 13 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: