Қалаға жұмысқа ауысқан ауылдық бюджет қызметкерлері жоғары жалақы алады

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, пациенты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 10:18 Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қалалық кентте орналасқан мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының мамандарына елді мекен санаты өзгертілген күннен бастап екі жыл мерзімге жоғарылатылған жалақы (тарифтік ставкалар) беріледі.

Ауылдық елді мекен санатынан ауыстырылған қаладағы жұмысқа кемінде 25%-ға өсім қарастырылған.

Қаулы 2025 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: