Батыс Қазақстанда алимент төлемегендердің берешегі 2 млрд теңгеге жеткен

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында алимент берешегі 2 млрд теңгеге жеткен. Осының салдарынан 4 мыңнан астам бала материалдық қолдаусыз қалып отыр.

Алимент төлемегендердің дені - маскүнем, нашақор, үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүргендер. Арасында табысын жасырып, қашып жүргендер, тапқанын балаға емес, құмар ойынға салғандар да бар, - дейді мамандар.

Прокурорлардың мәліметінше, ақшасы бола тұра, алимент төлемейтіндердің көліктері айып тұрағына қойылып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мойнында миллиондаған қарызы барлар айыппұл төлеп, 3 тәулікке қамалып жатыр. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік те қаралған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Уәкілетті органдар заң аясында барлық шара қабылдап жатыр. Оған қоса, меніңше, алимент төлемейтіндермен үздіксіз идеологиялық, тәрбиелік жұмыс істелуі керек. Ең бастысы, ата-ана өз әрекетін түсінуі қажет. Неге өзі жауапкершілік алмайды? Неге бәрін мемлекетке артып қойған? Осы тұста бізге қоғамдық ұйымдардың, осы мәселеге бей-жай қарамайтын адамдардың қолдауы қажет." Жанат Нұрмағамбетова, Облыстық бала құқығы жөніндегі уәкіл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды