"Қазтеміртранс" АҚ филиалының лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
2022 жылы жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында "Қазтеміртранс" АҚ филиалының лауазымды адамдары мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар 2019-2022 жылдар аралығында жүктерді тасымалдау үшін қажетті вагондар тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға арналған вагондарды кедергісіз бергені үшін жүйелі түрде пара алған.

18 наурызда қылмыстық іс сотта қаралды. Үкіммен "Қазтеміртранс" АҚ-ның 4 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандары бойынша, атап айтқанда пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, олардың біреуі қайтыс болуына байланысты жазадан босатылды.  

"16 пара беруші жүк жөнелтуші кәсіпкерлер де кінәлі деп танылды, 15 кәсіпкер қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, өйткені олар пара беру түрінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары туралы өз кінәларын толық мойындады, қылмыстың ашылуына ықпал етті және жасаған істеріне өкінді. Кінәні мойындамаған бір кәсіпкерге қатысты 49 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті