PSY, әдірем қалсын! Жанды дауыспен ән салып, караокені шулатқан жігіттің кім екені белгілі болды

Сурет: видеодан алынды
Караокеде оңтүстіккореялық әнші PSY-дің "Gangnam Style" әнін жанды дауыста орындаған жігіттің видеосы ТікТок желісінде кеңінен тарап, көп қаралым жинады. Оның аты-жөні – Қанағат Дауылов. Бүгіндері ол Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында тұрады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі видеода достарымен караокеге келген жігіт "Gangnam Style" әнін корей тілінде тамаша орындап, ортаны қыздырып жатыр.

Видеоға пікір қалдырғандар талантты жігіттің өнеріне дән риза:

25 жастағы Қанағат Дауылов туризм және спорт мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде аудандық полиция бөлімінде жүргізуші болып еңбек етеді екен. Бала күнінен ән айтуға құштар болып өскен ол бұл өнер нағашы жұртынан дарығанын айтады. Анасы да ара-тұра ән айтады екен. 


"Ән айту – тек хоббиім. Видеоны парақшамда жариялаған соң туыстарым, достарым, таныстарым жан-жақтан хабарласып жатыр. «Фонограммамен айтып тұрсың ба?» деп сұрағандар да болды. Оларға видеоның толық нұсқасын жіберген соң барып жанды дауыста екеніне көздері жетті. Тіпті танымайтын адамдарда да жылы пікірлерін қалдыруда. Қателеспесем, 99 пайызы жақсы пікірлер жазып жатыр. Шынымды айтсам, мұндай реакция күтпедім. Ең қызығы, отбасы мүшелерім "мой шок в шоке, мұндай өнерің барын білмеппіз" деп жатыр ғой (күліп). Негізі олар менің ән салатынымды біледі, бірақ кәріс тіліндегі әнді айтқаныма кәдімгідей таң қалып отыр", деп Otyrar.kz Қанағат Дауыловтың сөзін келтіреді.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді