Қарызы бар көшбасшылар тізімін Алматы ауданы 660 млн теңгемен бастап тұрса, артынша Сарыарқа ауданы 362 млн теңге және Байқоңыр ауданы тұрғындарының мемлекетке 235 млн теңге берешегі бар.
Айта кетейік, жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 сәуір күні аяқталады. Салық тұрғылықты жері бойынша төленеді.
Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы есептеу құралының көмегімен дербес есептеуге және "e-Sally Azamat" мобильді қосымшасында төлеуге болады. Сонымен қатар, төлем жүйесі екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында да қолжетімді.
Бұл ретте, бір автомобиль бойынша қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ге дейінгі көлік салығын төлеуден ардагерлер, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Epi" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, көп балалы аналар, мүгедектер босатылады.
Елорданың Мемлекеттік кірістер комитеті салық бойынша берешегі 1 АЕК-тен асатын автокөлік иелерін жеке сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша қолайсыздықтарды болдырмау үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады.
Бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады.
1 АЕК (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан соң, 30 жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде шығады және борышкерге жіберіледі.
Берешек табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.