Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне қызметке келді. Ол АП-ның мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-Мәдениет және спорт министрінің жаңа қызметі туралы ақпаратты 2024 жылғы 28 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі растады.

2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін Талғат Жақан атқарып келді.

Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы  Гумилева Л.Н атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастады. Осы жылдар ішінде "Нұр Отан" партиясының филиалында (қазіргі "Аманат"), Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасында, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті. 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың шілдесіне дейін – Павлодар облысының әкімінің орынбасары. 2020 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме