Синоптиктер елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с сақталады. 

Ұлытау облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде кей уақытта 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. 

Ақмола облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. 

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктері аудандарында 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с.

Шымкентте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде , шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: