Ұлттық экономика экс-министрі Әлібек Қуантыров жаңа лауазымға ие болды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа лауазымға ие болды. Ол "KAZENERGY қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігі бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты бүгін, 2024 жылғы 1 сәуірде KAZENERGY баспасөз қызметі растады.

2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашев болды.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Атырауда дүниеге келген. 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін ("Қаржы және несие", "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандығы), 2010 жылы Мичиган Университетін "Болашақ" стипендиясы бойынша (Қолданбалы экономика магистрі) бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйегінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің, халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы қызметінен бастады, онда 2006 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеді. Содан кейін 2022 жылдың қаңтарына дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болды (25.02.2021-11.01.2022).

2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты