Астана әуежайының басшысы ауысты

Сурет: ҚР Азаматтық авиация комитеті
Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі ақпаратына сәйкес:

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар.

Түрлі лауазымдарда, соның ішінде "Emirates", "British Airways" әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Анықтама: 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы "Terminals Holding" (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады